Жаңалықтар

«KITAP ШОУ- 2024»

Құрметті оқырмандар! 23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «KITAP ШОУ- 2024» кітап фестиваліне шақырамыз! Шара аясында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлбақыт Қасеннің түрік тілінде шыққан «Бақыт гүлі» кітабының тұсау кесері «Жауһазын - ғұмыр» жас ақындардың поэзиялық көрінісі «Book Dating» мерейтой иелерінің кітап кейіпкерлерінен дефиле «Сан сұраққа саяхат» атты викториналық ойыны; «Библио спорт» алаңы: тоғызқұмалақ және шахмат ойындары; «Karaoke time» ән караокесін тамашалай аласыздар!
Толығырақ... Оқылды: 76 Санат: Афиша Уақыты: 19.04.2024

«Тау тұлға Ілияс»

17 сәуір күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ақын, қоғам қайраткері І. Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Тау тұлғалы Ілияс» атты ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті. Атаулы конференцияға ақынның өмірі мен шығармашылығы және оның шығармаларын зерттеп жүрген ойшылдардың 80 данаға жуық кітаптарынан тұратын «Тау тұлға Ілияс» атты үш бөлімнен тұратын кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған кітапханашылар Н. Қамбаева мен Қ. Садырбекова библиографиялық шолу жасады.
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.04.2024

«Қазақстан ғарыш қақпасы»

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде 12 Сәуір – Бүкіләлемдік авияция мен ғарыш күніне орай «Қазақстан ғарыш қақпасы» атты ақпараттық сағат өтті. Шараның мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқырман қиялын тәрбиелеу, табандылыққа, шыдамдылыққа, тәртіптілікке үйрету. Шара барысында кітапханашы Р. Нұрланов оқырмандарды Бүкіләлемдік ғарыш күнімен құттықтап, Қазақстанның қос ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың өмірбаянына қысқаша мәлімет беріп, кітаптарына шолу жүргізді. Қорыта келе ғарыш әлеміне саяхат арқылы, ғарыштың адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін тереңдетіп, ақпараттық сағат тартымды өтті.
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.04.2024

«Ұлы дала тұлғасы – Біржан сал»

Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, айтыскер ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шара барысында «Ұлы дала тұлғасы – Біржан сал» атты кітап көрмесіне кітапханашы Ә.Қанабек библиографиялық шолу жүргізді. «Тұла бойы тұнған өнер» атты бейнесюжет көрсетіліп, Талдықорған қаласының Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің дәстүрлі әншісі, оқытушы «Серпер Одағы сыйлығының» лауреаты Төлеутай Серіков, Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы, дәстүрлі әндердің шығу тарихы мен айту өнері, орындау шеберлігі туралы пайдалы мағлұматтар айтып, Біржан салдың «Теміртас», «Сырғанақ» әндерін нақышына келтіріп орындаса, шәкірттері Мұқажан Еркебұлан мен Разбек Ердәулет, Біржан салдың «Бұрылтай», «Он саусақ» әндерін мәнерлеп орындап, тыңдаушыларға керемет көңіл-күй сыйлап, ыстық ықыласына бөленді. Шараға №19 М.Жұм...
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.04.2024

«Халық жүрегіндегі қаһарман»

Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Халық жүрегіндегі қаһарман» атты еске алу кеші өтті. Шара басында «Ердің ері» атты кітап көрмесі таныстырылып, «Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын» атты С.Нұрмағамбетовтың өмір жолы, ұмытылмас батырлығы, қазақ халқына сіңірген еңбегі туралы бейнесюжет көрсетілді. Еске алу кешіне Талдықорған қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқарма қызметкерлері, Жетісу облысы Қарулы күштерінің, Ауған соғысының ардагерлері, Талдықорған қаласының №54380 әскери бөлімінің қызметшілері, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ Әскери кафедра оқытушылары мен курсанттары қатысты. Шара барысында Жетісу облысы Қарулы Күштері ардагерлерінің төрағасы Рахым Кербағақов С.Нұрмағамбетовпен тікелей қарым-қатынаста болған кездегі кейбір қырларына кеңірек тоқталып, оның ерлігі мен табандылығын тереңнен толғауға тырысты. Сондай-ақ, Жетісу облыс...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.04.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика